ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына: 1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жоғарғы Сот Төрағасы сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын белгілейді.»; 2) 9-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; 3) 12-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын; 4) 14-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын; 5) 16-баптың 1-тармағының 5) және 8) тармақшалары алып тасталсын; 6) 20-баптың 1-тармағының 9-1) және 9-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «9-1) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келіседі; 9-2) Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті органның басшысын тағайындау туралы ұсыну енгізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган басшысының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»; 7) 22-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) судьялардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын бекітеді;»; 8) 29-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі уәкілетті орган мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»; 9) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4-бөлім. Сот әкімшілігі»; 10) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын: «56-бап. Сот әкімшілігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|