|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (2025.15.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 тамыздағы № 293 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.31.01. № 33 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 15 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.31.01. № 33 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 15 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.31.01. № 33 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 15 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|