|
Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Осы редакция 2019 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін. 2. «Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы» Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 26 наурыздағы № 103 қаулысы (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №4433 нөмiрiмен тiркелген, «Ақмешiт апталығы» газетiнде 2013 жылғы 30 сәуірдегі №18, «Кызылорда Таймс» газетінде 2013 жылғы 03 мамырдағы № 18 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Бохановаға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛIСIЛДI» Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Аралбаев Марат Жайылханұлы 2015 жылғы «23» ақпан
2015 жылғы 23 ақпандағы № 2909 қаулысына қосымша
Сайлау алдындағы барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|