«Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 «Ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) жоғарыда көрсетілген ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Арқалық қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 374 «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|