«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1412 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын: 1) индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру, өнеркәсіптің және туризм индустриясының өңдеуші секторларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласында зерттеулер жүргізу; 2) өнеркәсіпті және туризм индустриясын дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелеріне зерттеулер жүргізу; 3) өнеркәсіп, туризм индустриясы салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияны дамытудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптегі, туризм индустриясындағы қайта құрылымдау және салааралық кооперацияны ынталандыру мен қолдау жөнінде шаралар әзірлеу; 4) өндірістерді, туризм объектілерін әртараптандырудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу және кластерлерді дамыту, өндірістерді, туризм объектілерін әртараптандыруды ынталандыру мен қолдау және кластерлерді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу; 5) жаңа өндірістер мен туризм объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін және оларды аумақтық орналастыру схемаларын әзірлеу, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеу, өңірлік өндірістік жүйелер мен туристік және өнеркәсіптік инфрақұрылымды қалыптастырудың және дамытудың тұжырымдамаларын әзірлеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|