«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы (2022.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1412 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.02. № 75 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 215 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2019.03.07. № 469 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.05.09. № 645 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мыналар қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын: 1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету; 2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға: басым тауарлар тізбесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру; өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру; бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау; өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау; қарсы міндеттемелерді мониторингтеу; индустриялық дамуды бағалауды жүргізу; өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|