«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы (2019.20.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2012.07.11. № 1412 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.02. № 75 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын: 1) өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету; 2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету; 3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету; 4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету; 5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету; 6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету; 7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|