Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Е. Бектұрғановқа жүктелсін. 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 190 «Атырау облысының әкімшілік бірлік аумағындағы карантинді режимді қосу арқылы карантинді аумақты белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2594 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 қыркүйекте «Атырау» газетінде жарияланған). 2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №108 «Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3200 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда «Атырау» газетінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|