ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020.21.02. № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен міндетті стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен күші жойылды
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (2020.21.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларының мазмұнына, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, білім алушыларды даярлау деңгейіне және білім алу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) академиялық кезең - орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мынадай үш нысанның біреуінде дербес белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқу кезеңі: семестр, триместр, тоқсан. 2) академиялық сағат - оқу сабақтарының барлық түрінде кесте бойынша білім алушының оқытушымен қарым-қатынас жұмыстарының уақыты; 3) бағалау өлшемшарттары - құзіреттілікке қойылған талаптарға сәйкестікке оқу нәтижелерін бағалау бойынша шешім қабылдауға арналған көрсеткіш; 4) базалық құзырет - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі; 5) базалық модуль - білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру мен ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|