Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы (2020.28.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2020.28.02. № 87 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары; 2) Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидалары; 3) Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары; 4) Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|