Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 16-5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекiтiлген
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына cәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|