|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 248), 249) және 250) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2025.13.08. № 616 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 2025.20.10. № 881 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|