«Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 528 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|