|
Жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 41-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Құқықтық актілер туралы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған жерүсті су объектілеріндегі және (немесе) олардың учаскелеріндегі су сапасын сыныптаудың бірыңғай жүйесі бекiтілсін: 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14513 болып тіркелген). 2) «Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 70 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 34195 болып тіркелген). 3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|