ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 3-қосымша
«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (2023.24.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 – бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер; 2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі; 4) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған «электрондық үкіметтің» веб-порталының құрамдасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|