Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін. 1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 7-тармағының тоқсаныншы – тоқсан алтыншы абзацтарын; 2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін бір жүз он бірінші – бір жүз он үшінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|