Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 905 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бес, оның iшінде бiр бiрiнші орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.08. № 516 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 986 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.03. № 168 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Министрлік) сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: 1) Халықаралық ақпарат комитеті; 2) Инвестиция комитеті. Министрліктің Алматы қаласында өкілдігі бар. 3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрлігінің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Міндеттері: 1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу; 3) шетелде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау; 4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру; 5) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету; 6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру; 7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру; 9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету; 10) «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру; 11) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу. ҚР Үкіметінің 2022.02.12. № 970 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпия мәліметтерді жарияламауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомстволарға беру; сотқа жүгіну; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру; 2) міндеттері: бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сәйкес бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану; өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру; «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқару. ҚР Үкіметінің 2022.12.09. № 676 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 834 Қаулысымен (2022 ж. 14 қарашадан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.02.12. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді 15. Функциялары: 1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру; 2) сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру, сондай-ақ Президент пен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру; 3) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында талдамалық зерттеулер жүргізу; 4) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу; 5) нысаналы мемлекеттер мен өңірлерге мамандандырылған зерттеулер жүргізу; 6) сыртқы саяси процестерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжау және практикалық қарсы шаралар тұжырымдау; 7) негізгі шетелдік авторлармен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету; 8) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар тұжырымдау; 9) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан процестер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру; 10) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету; 11) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру; 12) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу; 13) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу; 14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен қол жеткізген уағдаластықтарының есебін ұсыну; 15) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу; 16) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; 17) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, Министрліктің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін бекіту; 18) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу; 19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты тұжырымдауға және жүргізуге қатысу; 20) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін елдік және әлемдік экономиканың дамуы саласында ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау; 21) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту; 22) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындау органдары мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы және олардың көлемі туралы ұсыныстар тұжырымдау; 23) халықаралық жағдайдың мониторингі және әлемдік экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы жаһандық трендтерді анықтау; 24) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау; 25) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жинақтау; 26) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау; 27) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету; 28) орталық атқарушы органдардың шет мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен қатынастардағы қызметін үйлестіру; 29) жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету; 30) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жіберу; 30-1) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 (1999), 1988 (2011), 1989 (2011) қарарлармен, сондай-ақ оларды дамытуға қабылданған қарарлармен құрылған комитеттеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жиынтық санкциялық тізбесіне дереу енгізу және (немесе) жиынтық санкциялық тізбесінен алып тастау үшін террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдар туралы ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 31) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы мәліметтерді жіберу; 32) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту; 33) Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал шет елдердегі мекемелерінің санаттарына сәйкес олардың тізбесін әзірлеу және бекіту; 34) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 35) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестициялар, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттар тартуға жәрдемдесу; 36) өз құзыреті шегінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғауды жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдем көрсету; 37) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдемдесу; 38) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту; 39) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; 40) мемлекеттік қызметтер көрсету; 41) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 42) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 43) орталық мемлекеттік орган әзірлейтін халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту; 44) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру; 45) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлеу; 46) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындауды қайта бастау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу; 47) Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелер бойынша қорытындылар беру; 48) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау; 49) халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынас жасау; 50) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру; 51) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау; 52) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындау; 53) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу; 54) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындау; 55) Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру; 56) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру; 57) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру; 58) Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну; 59) Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, күшiне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялау үшін ұсыну; 60) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 61) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру; 62) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну; 63) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну; 64) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау, мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар беру; 65) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою; 66) Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының және Қазақстан Республикасы қызметтік паспортының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлеу; 67) Қазақстан Республикасының жоғалған, ұрланған дипломатиялық және қызметтік паспортының орнына жаңасын беру үшін жоғалғаны, ұрланғаны туралы ақпаратты тексеру тәртібін бекіту; |