Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 қаулысымен бекітілген
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорлары мен директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) біліктілік талаптар - Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті директорының немесе директоры орынбасарының бос лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын талаптар; 2) кандидаттар - Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының немесе директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері не орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын азаматтар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|