Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (келісу бойынша) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың Кешенді жоспарда белгіленген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша (25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 520 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - ӘКК) 15 жыл ішінде оларды құру және одан әрі дамыту кезінде бастапқыда пайымдалғандай тиімді өңірлік даму институттарына айналған жоқ. Бұған ӘКК жүйесіндегі бірқатар жүйелі проблемалар мен қайшылықтар себеп болды: 1) өңірлік даму институтының бірыңғай анықтамасының болмауы және олардың немен айналысуы тиіс екендігі туралы түсіністіктің болмауы (кейде өзара қарама-қайшы ұғымдар: әлеуметтік (кейде шығынды) жобаларды қолдайтын әлеуметтік бағдарланған құрылым ретіндегі ӘКК мен барынша пайда алуға бағытталған бизнеске бағдарланған құрылым ретіндегі ӘКК араласып жатады); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|