Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың атауы: 1) «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 2) «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 3) «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сауда департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Астана қаласының сауда департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін. 2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелері оларды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерге біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|