Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2023.27.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 қаулысында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.». 2. «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті», «Жоғары үкіметтік» және «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесінде: «3. «Үкіметтік» санатындағы жеделхаттар» деген бөлімде: он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»; он тоғызыншы абзац алып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|