2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Осы редакция 2022 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 3 828 193,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 445 922,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 8 375,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 708,0 мың теңге; трансферттер түсімі - 3 373 188,0 мың теңге; 2) шығындар - 3 828 193,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 10 242,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттiк кредиттер - 27 567,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 17 325,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 10 242,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 10 242,0 мың теңге. 2. Әлеуметтік салық бойынша аудан бюджетіне кірістер бөлу нормативі -100 % екені белгіленсін. 3. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте 4 қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін. 4. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте 5 қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін. 5. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтерінің және ауылының бюджеттеріне 6 қосымшаға сәйкес нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін. 6. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 2 187 034,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|