ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45-ө өкімін қараңыз
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) мынадай мазмұндағы 407-1 және 407-2-баптармен толықтырылсын: «407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау 1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасында белгіленген: 1) жануарларды аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға; 1-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі 2) үй жануарларын есепке алуға; 1-тармақтың 1) тармақшасының он бірінші абзацының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылады 3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында ұстауға; 4) үй жануарларын ұстауға және серуендетуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|