Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiліп отырған Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі 537 бұйрығымен бекітілген
Ішкі су жолдарында жүзу қағидалары
2. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі 2-параграф. Суығыстырым кемелерінің айырылысуы 3-параграф. Сал құрамдары бар кемелердің айырылысуы 4-параграф. Кемелерді, құрамдарды және сал құрамдарын басып озу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|