2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2018.21.06. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018.10.01. № 19/230-VI шешiмiмен бүкіл мәтін бойынша «аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне», «аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне» деген сөздер тиісінше «аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2018.10.01. № 19/230-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2018.20.03. № 21/243-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2018.21.06. № 25/281-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 501 412 247 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 33 658 021 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 4 246 645 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 000 мың теңге; трансферттер түсiмi - 463 499 581 мың теңге; 2) шығындар - 499 342 449 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 22 946 381 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 26 353 322 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 406 941 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 2 701 960 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 2 701 960 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 23 578 543 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 23 578 543 мың теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|