ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.25.12. № 650 бұйрығымен 16-қосымшамен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.13.12. № 684 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 14-қосымша
«Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.07.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.22.04. № 159 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.07.10. № 435 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.22.04. № 159 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде -10 (он) жұмыс күн; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|