Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері және Қазақ ССР Министрлер Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Орман көшеттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы; 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау мақсатында өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, өсімін молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (дендрологиялық саябақты) қорғауды қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғам таратылғаннан кейін қалған мүлікті Кәсіпорынға берсін. 5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәсіпорынның жалпы алаңы 365,43 гектар жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын. 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды; 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|