Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары мен құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 229 бұйрығы (2023.16.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.28.12. № 1336 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|