Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы (2022.14.04. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін; 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін. 3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|