Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын «Республикалық оқу-әдістемелік азаматтық қорғау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі түрі азаматтық қорғау саласында қысқа мерзімді біліктілікті арттыру, басшы құрам мен мамандарды даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) қайта ұйымдастырылатын серіктестік мүлкінің құны есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне беруді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|