Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы (2023.07.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2023.29.03. № 121 және ҚР Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023.31.03. № 129-НҚ бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|