ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде: 15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-13), 313-14), 313-15), 313-16) және 313-17) тармақшалармен толықтырылсын: «313-13) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 313-14) байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын келісу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|