«Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22711) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 111 бұйрығына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|