Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидасын бекіту туралы (2019.01.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидасы осы бұйрықтың қағидасына сәйкес бекітілсін. 2. «Белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларды есепке алуды жүргізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 1 маусымдағы № 69 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7758 санымен тіркелген, 2012 жылғы 2 тамыздағы № 114 (2122) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараты) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің назарына және жұмыста пайдалануына, Комитеттің аумақтық органдарының орындауына жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|