Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған республикалық жастар форумын өткізу тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген
Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды. 2. Республикалық жастар форумы (бұдан әрі - Форум) - жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру мақсатында өткізілетін өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің форумы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|