Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидаларын және Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына және 36-бабының 5-тармағына сәйкес және білім алушылардың клиникалық даярлығын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медицина кадрларын интернатурада даярлау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Медицина кадрларын резидентурада даярлау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Интернатура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 452 бұйрығынның (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6331 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде № 461-468 (26311) болып жарияланған); 2) «Резидентура туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 28 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5142 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 6 құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|