Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.04.09. № 266/5 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.27.08. № 253/2 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 137/5 қаулысымен бекітілді
Павлодар облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 176/3 Қаулысымен күші жойылды
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.27.08. берілген өзгерістермен)
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мәдениет саласындағы Павлодар облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдары (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 10320 болып тіркелген) бекітілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|