Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 302 қаулысымен бекітілген
Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы
Осы Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы (бұдан әрі - Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 (бұдан әрі - Бас схеманың негізгі ережелері) және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 (бұдан әрі - Өңірлерді дамыту бағдарламасы) қаулыларын іске асыру шеңберінде әзірленді. Алматы агломерациясының өңіраралық схемасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, аумақты ұйымдастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|