Электр энергетикасы саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия құру туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 148-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда электр энергетикасы саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Қазақстан электр энергетика қауымдастығы» Занды тұлғалар бірлестігінің, «Қазақстандық энергетиктер кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі, «Энергетика техникасы саласы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі, «Химия мұнай-химия және өнеркәсіптің ұқсас салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі 2021 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойсын. 3. «Электр энергетикасы саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 350 бұйрығының күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының энергетика вице - министрі Қ. Б. Рахимовқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Энергетика министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 149 бұйрығына қосымша
Электр энергетикасы саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|