«Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16851 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.»; Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|