«Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 16 ақпандағы № 61 бұйрығымен күші жойылды
1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5727 тіркелген, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің жинағы» 2009 жылғы № 8 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 623 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|