ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды қамтамасыз етеді;»; 1-баптың 2) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 22-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Жоғарғы Соттың судьялары, сондай-ақ облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары жіберетін жергілікті соттардың судьялары қатысатын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы: 1) сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлуді бекітеді; 2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамдарына, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынады.»; 3) 29-бапта: 7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;»; 1-баптың 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Жоғары Сот Кеңесінің құрамына тағайындалған судьяларға Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және отставкаға шыққан кезде ескеріледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|