«Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығы (2024.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.01.11. № 1127 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің«Виртуалдық қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|