Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2016.16.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар: 1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есебінің негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қорытынды жобасын қалыптастырсын және есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін іске асырылуы туралы есеппен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|