«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 357 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізбесін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізбесі;»; көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (Қ.Б. Жұмашев) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 357 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 428 бұйрығына 1-қосымша
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|