Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да (2022.27.11. берілген өзгерістермен)
Осы Жарғы қарусыз және қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстарды; бөлімшелер мен әскери бөлімдердің жаяу тәртіптегі және машиналардағы саптарын; әскери сәлемдесуді орындау, саптық байқау өткізу тәртібін; әскери бөлімнің Жауынгерлік Туының саптағы жағдайын, оны шығару мен әкету тәртібін; әскери қызметшілердің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттерін және оларды саптық үйретуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс даласындағы қозғалысы мен қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі іс-әрекетінің тәсілдерін айқындайды. Жарғының күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
1. Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы. 2. Қатар - әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы. Машиналар сызығы - машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы. 3. Қаптал - саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді. 4. Маңдайшеп - саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың - алдыңғы бөлігі). 5. Саптың тыл жағы - маңдайшепке қарама-қарсы жағы. 6. Аралық - маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|