«Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 538/44 шешімімен бекітілген
«Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және «Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|