Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|