«2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету, 2020 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2020 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2021 жылы пайдалану (толық пайдалану) және «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 44-бабының 5-тармағына, 41, 104 және 111-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындаулары 2020 жылдың республикалық бюджетінің бюджет қаражаттары қалдықтарының есебінен ұлғайтылсын. 3. «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2021 жылға мынадай: 1) кірістер - 11 276 999 610 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер бойынша - 6 635 629 335 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 286 359 317 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 4 351 425 304 мың теңге; 2) шығындар - 13 763 540 285 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 107 870 996 мың теңге, оның ішінде:х бюджеттік кредиттер - 276 469 394 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|