«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында: 2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Егер, балық шаруашылығы субъектісінің ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін балық ресурсы және басқа да су жануарларын аулауға лимиттердің игерілмеген 25%-дық бөлігіне жануарлар дүниесін пайдалану туралы шешім болмаған жағдайда, балықшылар қауымдастығы квотаның қалған бөлігін қосымша өтінім бойынша, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінеді.»; көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|